Білім бөлімінің басшысының оқушылармен кездесуі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     14.04.2026жылы Аягөз аудандық білім бөлімі басшысы Баршатас ауылында болып, «О.Меңаяқұлы атындағы ЖОББМ» КММ 7-9 сынып білім алушыларымен кездесу өткізді. Бұл кездесуден жасөспірімдердің алған тағлымы мол болды. Бөлім басшысы балаларға денсаулықтарын күту, дұрыс білім алу, болашақтарында дұрыс мамандық таңдап, «Толық адам» болу жолдарын нақты мысалдар келтіре отырып, тамаша түсіндіріп берді. Еркін әңгіме өткізген ұстаздардың ұстазына риза болған жасөспірімдер де сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіріп жатты. Тәрбиелік мәні зор осындай кездесу өткізген Нұрғали Тлеккалиевичке ауыл ата-аналары, ұстаздар атынан үлкен алғыз білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1204926?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді