Елімізде нысандар мен инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда қолжетімді, қолайлы ортамен қамтамасыз ету ісіне қойылатын талаптар күшейтілуде. Енді тиісті бақылау жұмыстары нысандарды жобалау кезеңінен бастап, оларды пайдалануға беру сатысына дейін жүргізіледі.

Қуандық Қажкеновтің айтуынша, министрлік мүгедек жандардың өмір сапасын арттыру бағытында, олардың инфрақұрылым нысандарына тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Құрылыс кодексі бойынша кедергісіз, ыңғайлы ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар қала құрылысын жоспарлау мен жобалаудан бастап, құрылыс жүргізу, нысандарды пайдалануға беру кезеңдеріне дейін жүзеге асырылуы тиіс.

Нысандар мен инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету ісі жобалау сатысынан бастап, мемлекеттік нормативтерді міндетті түрде сақтай отыра жүргізілуде.

Нормалар кедергісіз, қолайлы ортаның негізгі элементтеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Олардың қатарында автотұрақ орындары, жаяу жүргіншілер жолдары, кіреберіс топтары, пандустар, лифтілер мен өзге де көтергіш құрылғылар, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын аймақтар бар.

Сонымен қатар нысандарды пайдалануға беру кезінде олардың қолжетімділік талаптарына сәйкестігін тексеруге әлеуметтік қорғау органдары өкілдерінің қатысуы қарастырылған. Бұл тиісті талаптардың белгіленген  нормаларға сәйкестігін растауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1205044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді