Европалық иммундау апталығы дегеніміз не?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

            2026 жылы сәуір айының 19-нaн бастап 25 аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында, оның ішінде аудан аумағында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өтуде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған іс шараны 2006 жылдан бастап жүргізіп келеді, шараның негізгі міндеті – тұрғындардың назарын иммундаудың мәселелеріне аудару болып табылады. Иммундау апталығы жыл сайын сәуірдің соңында тұрғындарды иммундаудың маңыздылығы жөнінде хабардар ету, вакциналардың тиімділігі бойынша білімдерін жоғарлату мақсатымен өткізіледі. Вакцинацияның тиімділігі екпені уақытылы және толық алуға тікелей байланысты. Иммундау көрсеткішінің төмендеуі жұқпалы ауруларды қабылдағыш адамдардың көбеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Екпенің жоспарлы және профилактикалық мақсатта салынатын түрлері бар. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» қаулысы негізінде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 20 жұқпалы ауруға, оның ішінде 11 инфекцияға қарсы және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 9 инфекцияға қарсы ақысыз жүргізіледі. Қазақстан Республикасында вакцина пайдалану алдында арнайы зертханалық зерттеулерден және мемлекеттік тіркеуден өтеді, вакцинаның әр бір партиясына зертханалық бақылау орнатылып, тасымалдау мен пайдалану кезінде суықтық тізбек ережесінің сақталуына, екпеден кейінгі қолайсыз жағдайларға мониторинг жүргізіледі. Әр бір ата ана өз баласының денсаулығына алаңдайды, сондықтан иммундаумен алдын алуға оң көзқарас болуы тиіс.  Эпидемиологиялық маңызды инфекциялардың вакцинациясына кететін қаражат, сол инфекциядан ауырып емдеуге кететін қажетті қаражаттан 10-1000 есеге дейін аз.  Еуропалық иммундау апталығы барысында басқа республикалар мен аумақтардан көшіп келген, тұрақты тіркеуге тұрмаған, мекен-жайын жиі ауыстыратын тұрғындарға, діни қоғамдарға аса назар аударылады. Бүгінгі күні аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары барлық медицина мекемелерінде жүргізілуде. Барлық медицина мекемелерінде түсіндіру, жадынамалар тарату, саулнама жүргізу жұмыстары өткізілуде және тиісті жоспарлы екпелерін алуға шақырады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1205031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді