
Хромтау ауданында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауыл шаруашылығы құрылымдарының қатысуымен кеңейтілген жиын өтті.
Жиынға Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов төрағалық етті. Кездесуге Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жүсібалиев, сондай-ақ облыстық салалық басқармалардың жетекшілері, ветеринария, жер қатынастары, орман шаруашылығы салаларының өкілдері және қаржы-даму институттарының мамандары қатысты.
Жиын барысында Асқар Жүсібалиев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағыттары, мемлекеттік қолдау шаралары мен ауыл шаруашылығы саласын қолдауға арналған негізгі бағдарламалар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағыттары, қаржыландыру тетіктері, жер қатынастары, ветеринариялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жан-жақты қаралды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары тарапынан егіс алқаптарын сақтандыру, жем-шөп дайындауға арналған жеңілдетілген дизель отыны, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мерзімдері, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктеріне қатысты өзекті сұрақтар көтерілді.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушыларға нақты түсіндірмелер беріліп, саланы одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1205555?lang=kk

Жауап қалдыру