
Елордада «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
№105 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы елордалық білім беру ұйымдарының 8-9 сынып оқушылары арасында «JasSkills Astana-2026» қалалық кәсіби шеберлік чемпионатының «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша іріктеу кезеңін өткізді.
Аталған құзыреттілік бойынша елордалық білім беру ұйымдарынан 12 команда (24 оқушы) қатысты.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша чемпионаттың қалалық кезеңіне мынадай білім беру ұйымдары жолдама алды: Skillset мектебі, №50 мектеп-лицей, №115 жалпы орта білім беретін мектеп, №59 мектеп-лицей, №22 мектеп-гимназия, №62 мектеп-лицей, №105 жалпы орта білім беретін мектеп, Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM School.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1205009?lang=kk

Жауап қалдыру