Кене боррелиозы (Лайм ауруы) кене шағу қауіпі неде?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Кене боррелиозы (Лайм ауруы) – боррелии тектес спирохеталардан туындайтын трансмиссивті, табиғи ошақты ауру. Кене боррелиозының инфекциясы зақымданған кене шаққанда пайда болады. Кене сілекейіндегі боррелии теріге еніп, бірнеше сағат ішінде көбейеді, содан кейін терінің басқа аймақтарына және ішкі ағзаларға (жүрек, ми, буындар және т.б.) таралады. Боррелии ұзақ уақыт (жылдар) адам ағзасында сақталуы мүмкін, бұл аурудың созылмалы және қайталанатын ағымын тудырады. Инкубациялық кезең 2 күннен 30 күнге дейін, орташа алғанда – 2 аптаға дейін созылуы мүмкін.  Аурудың басталуының тән белгісі – кене шағу орнында терінің қызаруы. Қызыл дақтың шеттері біртіндеп ұлғаяды, оның диаметрі 1-10 см, кейде 30 см-ге дейін немесе одан да үлкен болады. Қабынған терінің сыртқы шеті қою қызыл, тері деңгейінен сәл жоғары көтерілген. Бірақ көбінесе эритема аурудың басқа да белгілерімен бірге жүреді: лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, бұлшық ет ауруы, буындардағы ауырсыну және дене қызуының жоғарлауы, содан кейін аурудың төртінші аптасында (1-ден 10 аптаға дейін) неврологиялық және жүрек-қан тамырлары асқынулары пайда болады. Кене боррелиозымен ауыратын науқас қоршаған ортаға жұқпалы емес. Кене боррелиозын емдеу тек ауруханада жүргізілуі керек. Емделмеген жағдайда ауру асқынып, кейбір жағдайларда жүйке жүйесі мен буындардың зақымдануынан мүгедектікке әкеледі. Кене боррелиозының алдын алудың бірден-бір жолы-кене шағудан қорғану. Серуендеуге, саяжайға немесе орманды аумаққа барғанда келесі ережелерді сақтау маңызды: Дұрыс киім кию қажет. Үстіге ашық түсті жеңі ұзын кеудеше, шалбар, аяққа етік, басқа қалпақ немесе орамал киген жөн. Кеудешені шалбардың ішіне, шалбардың балағын етікке, шұлыққа салу керек. Басқа көйлекке, курткаға тігілген капюшон киіңіз немесе шашты орамал, бас киімнің астына салу қажет; Кенелерді үркітетін заттарды – репелленттерді қолдану қажет. Киімді, денені және заттарды жиі тексеріп, үйге оралғанда да киімді және денені кененің бар-жоғын тексеріп алу керек. Денеде шаққан кенені байқаған жағдайда, барынша ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешікпей) серопрофилактикалық бөлімшелерге көмекке жүгіну қажет, онда білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1205018?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді