
Көлік полицейлері жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған мыңнан астам шетелдік азаматты анықтады.
Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 049 шетелдік азамат жауапкершілікке тартылды. Олардың 257-сі сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар қос азаматтықтың 52 дерегі анықталып, тиісті шара қабылданды.
Атап айтқанда, Петропавл станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері Новосибирск – Белгород бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзу дерегін анықтады.
Жолаушылардың арасында 40 жастағы шетелдік азамат болды. Ол заңда белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламаған. Аталған азаматқа қатысты іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1205661?lang=kk

Жауап қалдыру