
Астана, 2026 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Шанхай ұйымының ағымдағы қызметі, сондай-ақ Бишкекте 2026 жылы жоспарланған Мемлекет басшыларының саммитіне дайындықпен биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық мәселелері бойынша пікір алмасты.
ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіру және Ұйымның тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның ШЫҰ қызметіне қолдау білдіре отырып, Ұйым Еуразиялық өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің пәрменді факторы ретінде танылып, өзінің 25 жылдығына тұрақты және беделді көпсалалы бірлестік ретінде жақындап келе жатқанын атап өтті.
Өз кезегінде Бас хатшы Ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттары туралы хабардар етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1205750?lang=kk

Жауап қалдыру