
Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы зор «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Аталған шараның негізгі мақсаты – әрбір азаматқа құқықтық көмекті барынша қолжетімді ету.
Іс-шара барысында тұрғындар прокуратура қызметкерлерінен, мемлекеттік органдар өкілдерінен және өзге де сала мамандарынан тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
«Құқықтық дәріхана» форматы – азаматтарға өздерін толғандырған маңызды сұрақтарға жауап алып, құқықтарын қорғауға және өмірлік жағдайларда тиімді шешім табуға мүмкіндік беретін ыңғайлы әрі тиімді тәсіл.
Мұндай бастамалар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға оң ықпал етеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
#Заң_мен_тәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1205653?lang=kk

Жауап қалдыру