
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Елді мекендер аумағында және одан тыс жерлерде:
· -қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді жағуға қатаң тыйым салынады;
· -көктемгі дала және егіс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті;
· -шабындықтарда, жайылымдарда және егістіктерде өсімдік қалдықтарын, соның ішінде оралған жем-шөп қалдықтарын өртеуге жол берілмейді.
Өрттің алдын алу — баршамызға ортақ міндет. Ережелерді сақтамау адам өміріне, мүлікке және табиғатқа үлкен қауіп төндіреді.
Баршаңызды жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!
Үштөбе қаласы әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1204933?lang=kk

Жауап қалдыру