
Көктемгі еріген қар суының тасқынының алдын алу мақсатында «Орал – Саратов» тас жолы бойында суөткізу құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, ескі және диаметрі кіші құбырлар (2 учаскеде) үлкен диаметрлі заманауи параллелепипедті құбырларға ауыстырылады.
Жұмыс барысында көрсетілген учаскелер кезең-кезеңімен жабылып, автокөлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Жұмыс мерзімі: 17 сәуір – 17 шілде 2026 жыл
1-кезек: М. Мөңкеұлы көшесі, №113/1 үйге бұрылыс
2-кезек: «Апорт» асханасына бұрылыс
Құрметті тұрғындар! Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1205040?lang=kk

Жауап қалдыру