
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі А. Сералиевтің ұйымдастыруымен Есет батыр ауылындағы №124 орта мектебінде “Жас сақшы” полиция сыныбының оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және тәртіптің маңыздылығын түсіндіру. Сайыс барысында “жас сақшылар” өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсетіп, қойылған сұрақтарға нақты әрі сауатты жауап берді. Қатысушылар өзара бақ сынасып, білім мен зеректіктің үлгісін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жас сақшылар түрлі номинациялар мен жүлделі орындар бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Осындай мазмұнды шаралар жас буынды адалдыққа, жауапкершілікке және құқықтық мәдениетке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1204924?lang=kk

Жауап қалдыру