
🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын және «Антиконтрафакт» республикалық акциясын іске асыру аясында 2026 жылдың 20 сәуірінде зияткерлік меншік құқығы бөлімінің қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті заң факультетінің екінші курс студенттеріне «StopFake – зияткерлік құқықтар туралы біліміңді шыңда» тақырыбында дәріс өткізді.
🔸Дәріс барысында зияткерлік меншік, контрафактілік өнім ұғымдары, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Дәрісті бекіту мақсатында контрафактілік өнімді тануға және оның түпнұсқадан айырмашылығын анықтауға бағытталған викторина өткізілді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты — контрафактілік өнімге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және зияткерлік құқық саласындағы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
🔸Контрафакт тек заңнаманы бұзу ғана емес, сонымен қатар мәдениетке, экономикаға және қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Әрбір азамат зияткерлік еңбекті құрметтеуге және қорғауға жауапты.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1205012?lang=kk

Жауап қалдыру