Тұрғын үймен қамту және қолжетімді қолайлы орта: Қазақстанда қандай шаралар жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде мүгедек адамдарды қолдау жүйесі кеңейтіліп, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және оны алу тетіктерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Қалықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін салалық нормативтік құжаттар арқылы қолайлы және қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған қосымша шаралар кешені көзделген.

Тұрғын үйлерді ыңғайлы, қолжетімді ету мақсатында қайта жоспарлау тәртібі жеңілдетілді. Сондай-ақ қолжетімді орта қалыптастыру мәселелері бойынша жобалық құжаттамаға жеке бөлім енгізу міндеттелді. Бұған қоса, бюджет қаражаты есебінен салынатын тұрғын үйлердегі пәтерлер санының кемінде 5%-ын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімдеу талабы белгіленді.

Қуандық Қажкеновтің айтуынша, мемлекет мүгедек азаматтарды және мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі саясат жүргізіп отыр.

Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 63 мыңнан астам I және II топтағы мүгедек азамат және мүгедек балалары бар шамамен 26 мың отбасы тұр. Олар тұрғын үйді бөлуде басым құқыққа ие.

Тұрғын үй мәселесін шешу үшін түрлі қолдау тетіктері қолданылады. Олар: коммуналдық қордан тұрғын үй беру, жеңілдетілген ипотекалық несиелер, жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау және бастапқы жарнаға арналған тұрғын үй сертификаттары.

2025 жылдың қорытындысы бойынша 7,8 мың азаматқа жалдамалы тұрғын үй берілді. Әлеуметтік тұрғыда осал санатқа жататындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар жалдамалы тұрғын үйлерді жекешелендіру, «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотека беру, тұрғын үй сертификаттарын ұсыну және жалдау ақысын субсидиялау тетіктері кеңейтілді, бұл ел бойынша отбасыларды көбірек қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1205048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді