
Ұлытау облысы ерекше күтімді қажет ететін азаматтарды жұмыспен қамтуда көш бастап тұр
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде ерекше күтімді қажет ететін азаматтарды жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота көлемін екі есеге арттыру жоспарлануда.
Инклюзивті жұмыспен қамтуды дамыту және азаматтарды қолдаудың проактивті модельдерін енгізу – аталған санаттағы жандардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашады.
Айта кету керек, Ұлытау облысында еңбекке қабілетті 4107 ерекше қажеттілігі бар азамат тұрады. Облыс құрылғаннан бері олардың 1079-ы жұмыспен қамтылған. Ал биылдың өзінде 45 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, жұмыспен қамту шараларымен 634-тен астам адам қамтылды.
Жалпы, аталған шаралар еңбек нарығында тең мүмкіндіктер қалыптастырып, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1205635?lang=kk

Жауап қалдыру