Заң бәріне ортақ: мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібін нығайтуға және заңмен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына бағытталған профилактикалық семинар өтті.

Іс-шара барысында негізгі назар мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытты масаң күйде болуына жол бермеуге, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта пайдаланудың алдын алуға аударылды. Сонымен қатар, көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері де кеңінен түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтардың құқықтық салдары мен жауапкершілік шаралары туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, нақты мысалдар мен жағдайларды талқылады. Бұл өз кезегінде тақырыпты тереңірек түсінуге және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1205437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді