«Заң мен тәртіп»: Астанада металл сынықтарын қабылдайтын заңсыз пункттің қызметі тоқтатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында металл сынықтарының айналымы саласындағы заңсыз қызметті анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Аталған жұмыс Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, елорданың Полиция департаменті және Сарыарқа ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Тексеру жүргізуге елорда тұрғынының зират аумағынан қабір қоршауларының ұрлануы фактісі бойынша жолдаған өтініші негіз болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде заңнама талаптарын бұза отырып, яғни тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызметін жүзеге асырған металл қабылдау пункті анықталды.

Еске салайық, 2024 жылдан бастап қара және түсті металл сынықтарын жинау, сақтау, өңдеу және өткізу қызметі міндетті лицензияландыруға жатады. Аталған талаптарды сақтамау заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғады.

Бірлескен тексеру барысында оқиға орнынан зираттар аумағындағы вандализм фактілеріне қатысы болуы мүмкін деген болжаммен металл қоршаулар, құлпытас ескерткіштері мен кресттер, сондай-ақ металл үстелдер тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қосымша тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Астана қаласының әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерін қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға, ал тұрғындарды құқық бұзушылық фактілері туралы уәкілетті органдарға хабарлауға шақырады.

 

https://www.instagram.com/p/DXYe26CjMKn/

#заңментәртіп #законипорядок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1205504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді