2026 жылдың 22 сәуір күні Үштөбе қаласында Пронин көшесінің бойында қала аумағын көркейту мақсатында гүл отырғызу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында отырғызылатын аумақ қоқыстардан тазартылып, топырақ қопсытылып, жер тегістелді. Сонымен қатар, жердің құнарлылығын арттыру үшін тыңайтқыштар енгізіліп, суару жүйесі тексерілді.
🌿 Аталған шаралар гүлдердің жақсы өсуіне және қала келбетін жақсартуға бағытталған.
Жауап қалдыру