
Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам:
1️⃣ Құжаттарды тексеру: Жұмысқа қабылдамас бұрын еңбек етуге рұқсаты мен тиісті визасының бар екеніне көз жеткізіңіз.
2️⃣ Еңбек шарты: Міндетті түрде жазбаша түрде рәсімдеңіз. Лауазымын, жалақы мөлшерін және жұмыс кестесін көрсетіңіз.
3️⃣ ЕСУТД-да тіркеу: Шартқа қол қойылғаннан кейін оны бірден Enbek.kz (ЕСУТД) жүйесінде міндетті түрде тіркеңіз.
⚠️ Маңызды: Шарттың тіркелмеуі — заң бұзушылық болып табылады және әкімшілік айыппұлдарға әкеп соғады. Заңды сақтаңыз және компанияңыздың беделін қорғаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1205484?lang=kk

Жауап қалдыру