2026 жылдың 15 сәуірінде осы жылдың 1 тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша аппараттық кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен аумақтық әділет департаменттерінің осы жылдың 1 тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша аппараттық кеңесі өтті. 

 

Кеңеске Маңғыстау облысының Әділет департаментінің басшысы А.Н.Каримов, басшы орынбасары  Ж.Ж.Жумин, бөлім басшылары және Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамалары институтының басшысы К.С.Бегалы онлайн форматта қатысты.

 

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясын кеңінен ілгерілету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жай-күйі, олардың түсу көрсеткішін азайту, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша мәселелер қаралды. 

 

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде мерзімдердің қатаң сақталуы, рәсімделетін жауаптардың сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттары талқыланды.

 

Сондай-ақ, аумақтық әділет департаменттерінің 2026 жылдың I тоқсаны бойынша қызметінің қорытындылары шығарылып, негізгі көрсеткіштер мен атқарылған жұмыстарға талдау жүргізілді.

Анықталған кемшіліктер мен өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың алдын алу және қызмет тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1206444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді