
Бірлескен тұрақты комиссия отырысын «Агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ж.Қ.Тұрабаев төрағалығымен өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттары, тиісті мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 2025 жылғы Тарбағатай аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту; Ақжар ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Тұғыл ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Жаңаауыл ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Жетіарал ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Қабанбай ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Қарасу ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Құйған ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Маңырақ ауылдық округінің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы бойынша есепті бекіту; Аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары,құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы Тарбағатай ауданы бойынша шекара мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» № 30/8 –VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясын құру туралы» №30/9-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» №30/10-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Тарбағатай ауданының «2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы 14 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері хабарлама жасап, хабарламадан соң депутаттар бірқатар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, оларды бекіту үшін кезекті отыз жетінші сессияның қарауына енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1205829?lang=kk

Жауап қалдыру