2026 жылғы 22 сәуірде Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықовтың халықпен есептік кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 сәуірде «Семей қаласының № 4 емханасы» ШЖҚ КМК-да Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықовтың халықпен есептік кездесуі өтті.

Кездесу барысында Еркен Заманбекұлы баяндама жасап, онда 2025 жылғы мәслихаттың қызметі мен № 3 сайлау округіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындыларын жан-жақты баяндады. Іске асырылған негізгі бастамалардың бағыттары ұсынылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

Ашық диалог аясында қала тұрғындары бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда,   жолдарды жөндеу,  көше жарықтандыру және өзге де мәселелер талқыланды.

Көтерілген барлық өтініштер бақылауға алынып, әрқайсысы бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Кездесу соңында   іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, халықпен сындарлы диалог өткізуге жағдай жасағаны үшін емхана әкімшілігіне алғыс  білдірдіреміз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1206450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді