
Алматы қаласында көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және бюджетке түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету бойынша қала Әкімінің іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Полиция департаментімен және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – салықтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және көлік иелерінен берешектерді өндіру. Рейд барысында жеке сот орындаушыларының қаулысы бар борышкерлердің көліктері «Сергек» камераларының көмегімен анықталып, берешегі толық өтелгенге дейін айып тұрағына қойылуда.
Бүгінгі таңда мегаполистегі көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешек 85 024 салық төлеуші бойынша 7 млрд теңгеден асып жығылды. Айта кетерлігі, қарыздың негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асатын ірі көлемді көлік иелеріне тиесілі.
Алматы қаласы бойынша МКД автокөлік иелерін көліктің айып тұрағына қойылуына және сот орындаушыларының қызметін төлеу бойынша қосымша шығындарға жол бермеу үшін, салық берешегін жақын арада өтеуге шақырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1206342?lang=kk

Жауап қалдыру