Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Абай облысында Ақтөбе облысының мәдениет күндері басталды
Ақтөбе облысынан келген меймандар әуелі облыс әкімі Берік Уәлимен бірге Абай ауданына барып, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесенесінде болып, ұлылар рухына тағзым етті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына қарасты Абай музей-үйін аралап, құнды жәдігерлермен танысты.
Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Семейде «Алтын бесік Ақтөбеден – Ұлы Абайға құрмет» атты Ақтөбе облысы өнерпаздарының гала концерті және Ақтөбе облысының тарихына негізделген тақырыптық көрме көрермен назарына ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1205626?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді