ӘЛЕМДІ ЖЫРМЕН ТЕРБЕТКЕН ДАЛА ҮНІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай өтіп жатқан «Руханиятқа жол – кітаптан» апталығы аясында Түркі әлеміне танымал ақын, Физули атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Құрал Көмекпен «Әлемді жырмен тербеткен дала ұлы» атты әдеби кездесу кеші өтті.

«Кітап – достық амбассадоры» жобасы бойынша өткен тағылымды іс-шараның басты мақсаты – жастарды ұлттық әдебиетке баулу, ел ішінен шыққан ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, патриоттық рухты көтеру және шет тілдерге аударылған шығармалар арқылы қазақ поэзиясының маңызын кеңінен таныту болды.

Басқосуға Қаратау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбек Ахметбаев, белгілі композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Нышан Төлегенов, филология ғылымдарының кандидаты Аға Паша Курбанов, дарынды балаларға арналған №90 мектеп-гимназия директоры Арман Орынбеков, сондай-ақ, Ә.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Орталық Азия Инновациялық университетінің студенттері мен оқытушылары, қаладағы бірқатар мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Іс-шараның құрметті қонағы, ұлттық рухты жырларымен оқырман жүрегінен орын алған ақын Құрал Көмек туралы мазмұнды таныстырылым жасалып, оның шығармашылық жолы мен жетістіктері ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1206508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді