Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні Ақтау қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында қаржылық сауаттылыққа бағытталған түсіндіру жұмыстары өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара Маңғыстау облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде құзырлы органдардың қатысуымен өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу және халыққа қаржылық қауіпсіздік негіздерін түсіндіру. Жиынға діни бірлестіктердің мүшелері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, лудоманияның қоғамға тигізетін кері әсері, қаржылық және құқықтық тәуекелдерден сақтану жолдары кеңінен талқыланды.

Кездесуде Маңғыстау облысының дін істері басқармасының өкілдері, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының мамандары, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері және заңгерлер баяндама жасап, қатысушыларға маңызды әрі пайдалы ақпарат ұсынды.

-Кездесу барысында қаржылық сауаттылықтың маңызы, қауіпсіздік шаралары және қоғамдағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-udr/press/news/details/1206012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді