
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Білім саласында сапасы қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінің, ата-аналарының ұжымдық өтініші негізінде түскен мәселе қаралды.. Жағдайға қатысты түсініктеме беру үшін отырысқа мектеп директоры мен педагог шақырылды.
Қарау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының білім беру бөліміне мектеп директорына қатысты, ал мектепке — педагогке қатысты тиісті шаралар қабылдау ұсынылды. Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық әдеп нормалары мен кәсіби жауапкершілігін қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Департамент азаматтардың өтініштерін қарау және білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1206474?lang=kk

Жауап қалдыру