Алматы облысында “AMANAT” партиясының “TYRGYNDAR AMANATY” жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 21 сәуірінде Алматы облысы Қонаев қаласында «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы шеңберінде «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты ауқымды форум ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүлік иелерінің бірлестігі мен пәтер иелері кооперативі қызметінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау болды.
Форум барысында тұрғын үй қорын басқару саласындағы өзекті мәселелер, азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу тетіктері, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және тұрғындармен кері байланысты күшейту бағыттары кеңінен қарастырылды. Сонымен қатар, сала мамандары мен жауапты мемлекеттік органдар өкілдері нақты ұсыныстар мен тәжірибелік шешімдермен бөлісті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар тарапынан да белсенді қатысу болды. Атап айтқанда, Алматы облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Сартова Аймина Елубаевна және мемлекеттік сот орындаушысы Калиев Данияр Ермекұлы форум жұмысына қатысып, тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1206286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді