
2026 жылғы 22 сәуір күні Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінде алқа отырысы өтті.
Отырысқа Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Р. Тоқбаев, басқарма басшылары А. Серікқазинова мен Д. Елубаева, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы, оның орынбасарлары, бөлім басшылары және аудандық, қалалық мемлекеттік қазынашылық басқармаларының басшылары қатысты.
Алқа отырысының негізгі тақырыбы – Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары және 2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарды талқылау болды.
Отырыс барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы К. Шарафиева «Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің 2025 жылғы атқарылған қызметінің қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қазынашылық комитетінің Персоналмен жұмыс істеу басқармасының басшысы А.А. Серікқазинова «Кадрлық мәселелер» тақырыбында, ал Ведомстволық бақылау және тәуекелдер басқармасының басшысы Д.М. Елубаева «2025 жылғы және 2026 жылдың I тоқсанындағы дистанциялық бақылау қорытындылары» бойынша баяндама оқыды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, мемлекеттік қазынашылық жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1206472?lang=kk

Жауап қалдыру