
21–23 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Бұл — ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға қатысатын құрамын айқындайтын көктемгі спорт күнтізбесіндегі маңызды дода.
Жарыс «Жекпе-жек» спорт кешенінде ұйымдастырылып, оған еліміздің 17 өңірінен шамамен 600 спортшы бақ сынап жатыр. Чемпионат жеңімпаздар мен жүлдегерлері Азия және әлем чемпионаттарына жолдама алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы чемпионат – соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі. Байрақты бәсеке жасөспірімдер арасында самбоға деген қызығушылықтың артып, өңірлердегі бәсекенің күшейгенін көрсетеді. Көптеген қатысушы үшін бұл — үлкен спорттағы алғашқы маңызды сынақ әрі өздерін республикалық деңгейде танытуға мүмкіндік.
Жарыс қаоқыны жоғары: күн сайын әртүрлі салмақ дәрежелерінде медальдар сарапқа салынып, белдесулер тартысты әрі әсерлі өтуде. Жаттықтырушылар спортшылардың өнерін жіті бақылап, болашақ ұлттық құрама резервін қалыптастырмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1206110?lang=kk

Жауап қалдыру