Ақтөбеде резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы қайта қаралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Ақтөбе облыстық соты жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі мен жеке қаулының күшін жойды.

Ағымдағы жылдың наурызында Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен 4 адамның, оның ішінде 3 баланың өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасауда сотталушыны кінәсіз деп танылған болатын.

Еске сала кетсек, 2023 жылы резонанс тудырған жол-көлік оқиғасы бойынша екінші қатысушы – жеңіл автокөлік жүргізушісі, бір күнде күйеуі мен үш баласынан айырылған әйелге қатысты ақтау үкімі шығарылды.

Кейіннен оқиға куәгерінің көрсетуі бойынша ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне айып тағылды.

Алайда, алқабилер басқаша қабылдады.

Облыс прокуратурасымен ақтау үкімінің күшін жою бойынша апелляциялық өтінішхат енгізілді.

Апелляциялық саты прокуратураның уәждерімен келісіп, істі қайта қарауға жолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1206509?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді