
Қоғам мен полиция арасындағы ашықтық пен сенімді нығайту мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды апта сайын бекітілген кестеге сәйкес қабылдап келеді. Департамент бастығының әрбір қабылдауы тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін тікелей тыңдап, оларды жедел әрі тиімді шешуге бағытталған.
Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын көтеріп, құқықтық кеңес алады. Қабылдау кезінде түскен әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріледі. Мұндай кездесулер полицияның ашықтығын арттырып қана қоймай, халықтың полицияға деген сенімін күшейтуге ықпал етеді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы бекітілген кестеге сәйкес апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері қабылдайды.
Алдын ала жазылу үшін департаменттің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен хабарласып, көрсетілген нөмір арқылы байланысуға болады: 8 (724-2) -29-70-38
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1205683?lang=kk

Жауап қалдыру