Аудан әкімі аппаратының басшысы А. Сұлтанмұраттың төрағалығымен кезекті жиналыс өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиналыс барысында бөлімдер мен мекемелерге жолданған хаттар мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы жан-жақты қаралды.
Жиналыс барысында тапсырмалардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, жауапты қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетін нығайту бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарын орындау, сондай-ақ азарттық ойындарға қатысудың алдын алу мәселелері де көтерілді. Қызметкерлерге заң талаптарын қатаң сақтау және құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде нақты түсіндірмелер берілді.
Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1205691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді