
Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қарғалы ауданында аудандық мәслихат депутаттарының, аудан әкімі Н.Унербаевтың, ауылдық округтер (ауыл) әкімдерінің, қоғамдық, мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің, БАҚ-тың және аудан әкімдігі бөлімдері басшыларының қатысуымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен кезектен тыс сессиясының отырыстары өтті.
Тұрақты комиссиялар мен сессияның отырыстарында аудандық бюджетке нақтылау енгізу, өртке қарсы қауіпсіздік және мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі шешімдерін бекіту туралы мәселелер қаралды.
Аудандық мәслихат депутаттары барлық мәселелерді талқылап, өз ескертулерін, ұсыныстарын енгізіп, талқылау қорытындысы бойынша тиісті қаулылар мен шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kargala/press/news/details/1205519?lang=kk

Жауап қалдыру