Аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Р.Уразалиевтің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Е.Кажиев, бұқаралық ақпарат құралының өкілі А.Ақбасова, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. Г.Насибуллина Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 қазандағы №10-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы хабарлама жасап, шешім жобасына ұсыным берілді.
Екінші және үшінші мәселе бойынша Қызылоба ауылдық округінің әкімі Т.Серіков Қызылоба ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы, Қызылоба ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы, төртінші және бесінші мәселе бойынша Пятимар ауылдық округінің әкімі Б.Рамазанов Пятимар ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстарының есебі туралы, Пятимар ауылдық округі әкімі аппараты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы баяндамаларын жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстар жасап, отырыс өз жұмысын қорытындылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhangala-maslihat/press/news/details/1206380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді