Бас әскери прокуратурада әскердегі құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бас әскери прокурор Дастан Секеновтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда әскери ортадағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мәселелері қаралды.

Отырысты аша отырып, Дастан Секенов Бас әскери прокуратураның бастамасымен әзірленген «Әскердегі заң және тәртіп» және «Цифрлық профилактика» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Жеке құраммен түсіндіру жұмысы қайта құрылды: көрнекі үгіт материалдарын, интерактивті кейстер мен ситуациялық тапсырмаларды кешенді түрде қолдана отырып, жаңа форматтағы дәрістік материалдар әзірленді, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері бойынша бейнероликтер дайындалды.

Әскери ведомстволардың бірлескен бұйрығымен жарақаттарды есепке алудың бірыңғай қағидалары бекітілді. Әрбір дене жарақатының мән-жайларын егжей-тегжейлі тіркеу әскердегі жарақаттанудың алдын алуға бағытталған барынша тиімді шараларды әзірлеуге ықпал етеді.

Мерзімді әскери қызметшілермен тікелей жұмыс істейтін орта және кіші буын командирлерді белсенді оқытудың жаңа нысандары мен әдістері енгізілуде. Ең алдымен психологиялық өзара іс-қимыл және жеке құрамды басқару негіздерін оқытады.

Әскери бөлімдерде жасанды интеллект элементтері бар заманауи бейнебақылау жүйелерін орнату бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жүйелер құқыққа қайшы әрекеттерді анықтап, олар туралы ақпаратты жедел түрде бөлім басшылығына және әскери құқық қорғау органдарына жеткізуге мүмкіндік береді.

Әскери полицияның қызметіне, оның ішінде құқықбұзушылықтардың профилактикасындағы рөлін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Үйлестіру кеңес отырысының қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар әзірленді, оның ішінде жол қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарды барынша азайту, әскери психологтардың жұмыс тиімділігін арттыру және әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қамтылды.

Жүйелі профилактикалық жұмыс пен әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әскери прокурорлар мен әскери басқару органдарының басым бағыттары болып қала береді.

 

Бас әскери прокуратура

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gvp/press/news/details/1206071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді