Батыс Қазақстан облысы бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына бос орындар туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хабарламасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамына бос орындар туралы  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хабарламасы

 

           Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;  (2-қосымша)

2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы  саяси партияның,  қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің),  жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;

3) саяси партияны,  қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.(1-қосымша)

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарды Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты мына мекенжайда: БҚО, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 201, 301- бөлмеде 2026 жылдың 21 сәуір – 5 мамыр аралығында дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.Үзіліс сағат 13:00 ден 14:30 дейін.

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссиясына ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін облыстық мәслихатқа жолдайды, оған сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдардың оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса жалғайды.

 

Округтік сайлау комиссияларындағы бос орындар туралы мәлімет

№ р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Бос орындар саны

1

2

3

 

1.                   

№1

Жаңақала ауылы, Халықтар Достығы көшесі, 42, Жаңақала аудандық білім бөлімінің ғимараты.

1

2.                   

№6

г.Аксай,  микрорайон 2, д.7А, здание районного управления государственных доходов.

3

3.                   

№7

с.Жымпиты, ул. Алаш Орда, 11, здание ГКП «Сырым».

1

4.                   

№9

г.Уральск, пр-т Нурсултана Назарбаева, 145, здание отдела образования г. Уральска.

1

5.                   

№10

г.Уральск, ул.Темира Масина, 48/1, здание высшего агро-технического колледжа.

2

6.                   

№11

г.Уральск, ул.Хамида Чурина, 121, здание центра «Отбасы».

2

7.                   

№12

Орал қ., Гагарин көшесі, 105/3, облыстық халық шығармашылығы орталығының ғимараты.

3

8.                   

№13

г.Уральск, ул. Самал, 74, здание школы –гимназии эстетического направления

1

9.                   

№14

г. Уральск, ул. Ихсанова, 71, здание детской музыкальной школы им.Д.Нурпеисовой.

1

10.               

№15

г.Уральск, ул.Карбышева, 60 здание дворца культуры молодежи.

1

Өтініш

Қосымша 2

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1205408?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді