
Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінде басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында білім беру ұйымының қайта аттестаттаудан өту мәселесі қаралды. Өтініш берушіге рәсімнің негізгі кезеңдері, нормативтік құжаттардың талаптары түсіндіріліп, қайта аттестаттауға дайындалу және оны сәтті өту бойынша ұсыныстар берілді.
Қайта аттестаттау білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың маңызды құралы екені және белгіленген сапа стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.
Департамент азаматтардың өтініштерін қарау және білім беру саласындағы мәселелер бойынша қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1206478?lang=kk

Жауап қалдыру