
Білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаментінде басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында жалпы білім беретін мектептердің бірінің мемлекеттік аттестаттауынан өту мәселесі қаралды. Өтініш берушіге рәсімнен өту тәртібі, қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ ескертулерді жою бойынша түсіндірмелер берілді.
Мұндай кездесулер халықпен ашық қарым-қатынас орнатуға, білім беру сапасын бақылау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және білім беру ұйымдарына көмек көрсетуге бағытталған.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс Департаменттің тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1206487?lang=kk

Жауап қалдыру