
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасының 1 тармағын орындау шеңберінде кестеге сәйкес 2026 жылдың 16 сәуірінде № 2 МӘС бөлімінің ұйымдастыруымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті МӘС әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы Р.У.Шегирбаевтың төрағалығымен мәжіліс залында емдеу мекемелерінің ДКК төрағалары, мамандары және МӘС бөлімдері басшылары,мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинарда талқыланған мәселелер:
- МӘС бөлімдерінің 2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі және сырттай проактивті куәландыру туралы мәліметі, емдеу мекемелері арқылы алғашқы және сырттай куәландыруға жолдау жиілігіне, МӘС бөлімдеріне негізсіз жолданғандар туралы талдау және алдағы уақытта қатаң бақылауда ұстау мәселелері қозғалды.
- Мүгедектікті және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуде ,сондай ақ куәландыратын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауда аумақтық МӘС бөлімдерінде Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06. 2023 жылғы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары туралы» №260 бұйрығына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 287 бұйрығына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- М.К.Игиликова МӘС бөлімдері мен емдеу ұйымдары жүйелеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы баяндама жасалды.
- Сырттай –проактивті пилоттық жобасы бойынша жолданылатын жолдамаларды ұлғайту мақсатында ДКК жұмысын күшейту , ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1205432?lang=kk

Жауап қалдыру