Денге қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 10 сәуірде Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлеріне «Денге қызбасы: алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара шекара қызметі қызметкерлерінің денсаулығын қорғау және жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында мамандар Денге қызбасы бойынша әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат беріп, инфекцияның берілу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шараларын түсіндірді. Семинар соңында қатысушыларға аурудың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды. Бұл қорғану шараларын күшейтуге және аурудың ықтимал таралуының алдын алуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1205518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді