Департаменте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты университеттер» жобасын енгізу бойынша онлайн семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 сәуірде аталған жоба аясында Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жоғары оқу орындарының өкілдері, Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының мамандары және департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлері қатысқан облыстық онлайн семинар ұйымдастырылды.

Жобаны іске асыру дене белсенділігін арттыруға қолайлы жағдайлар жасауды, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды, жұқпалы емес аурулардың қауіп факторларының алдын алуды, сондай-ақ студенттердің психикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қолдауды қамтиды.

Бағдарламаның маңызды бөлігі – білім алушыларды іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыруға тарту. Бұл олардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді. Семинар барысында қатысушылар «Салауатты университеттер» бағдарламасының мақсаты, міндеттері, іс-шаралары мен іске асыру тетіктерімен жан-жақты танысты.

Семинар қорытындысы бойынша Қостанай облысындағы барлық жоғары оқу орындарында «Салауатты университеттер» бағдарламасын енгізуді бастау туралы шешім қабылданып, оны жүзеге асырудың алдағы қадамдары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1206149?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді