Дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13 – бабына сәйкес – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы облыстың жергілікті атқарушы органы – «Е-лицензиялау» порталы арқылы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына хабарлайтынын еске саламыз.

«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 13-1-бабына сәйкес дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет хабарламаға жатады.

Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) бірінші басшының қолы қойылған және ұйымның мөрімен бекітілген  тегі, аты, әкесінің аты, білімі, дипломның нөмірі мен берілген күні қамтылатын жиынтық кесте (заңды тұлғалар үшін);

2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

3) мамандандырудан немесе жетілдіруден және біліктілікті арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификат;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесі;

5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабына сәйкес-тиісті хабарламаны жібермей қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-95 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-veterinariya/press/news/details/1206448?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді