
Астана — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов РЭС-2026 халықаралық «жасыл» технологиялар көрмесіне қатысты. Көрмеде Орталық Азия елдерінің ұлттық павильондары ұсынылған.
Ведомство басшысы көрмені аралау барысында жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және төмен көміртекті технологиялар саласындағы заманауи шешімдермен танысты. Бұл шешімдер өңірдің жетекші компаниялары мен халықаралық серіктестері тарапынан ұсынылды.
Көрме Орталық Азиядағы орнықты энергетикалық даму мен «жасыл» өтпелі кезеңді ілгерілетуге арналған инновацияларды таныстыру және тәжірибе алмасу бойынша саммиттің негізгі алаңдарының бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1206533?lang=kk

Жауап қалдыру