Ескелді ауылдық округінде экологиялық тәрбиеге бағытталған іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ескелді ауылдық округінде 1–11 сынып оқушылары арасында «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту және табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты қорғау мәселелері, экологиялық ахуал және оны жақсарту жолдары туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікір алмасу және көрнекі материалдарды пайдалану әдістері қолданылды.

Оқушылар табиғатты аялау әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде экологиялық талаптарды сақтау қажеттілігіне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1206274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді