ХРОМТАУДА КӨКТЕМГІ КӨГАЛДАНДЫРУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мектеп орманшылығы» жобасы аясында табиғатты қорғау мен жасыл желекті көбейтуге бағытталған мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған жоба – өңір басшысы Асхат Шахаровтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бірегей экологиялық жоба. Бұл бастама «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жалғасы болып, өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді.

Шара барысында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов сөз сөйлеп, жобаның маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараға 140 оқушы мен мұғалім қатысып, белсенділік танытты. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, табиғатты аялау туралы ойларымен бөлісті. Іс-шараның шарықтау шегі – тал егу рәсімі болды.

Айта кету керек, көктемгі ағаш отырғызу науқаны аясында аудан бойынша бүгінгі күнге дейін 2240-тан астам көшет отырғызылды.

Әрбір отырғызылған тал – болашаққа жасалған маңызды қадам!

Бірге туған жерімізді көркейтіп, жасыл болашақ қалыптастырайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1205532?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді