
2026 жылғы 21 сәуірде дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында 8–11 сынып оқушылары арасында Республикалық «І. Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
«І. Жансүгіров оқулары» байқауының негізгі мақсаты – мектеп оқушылар арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихатау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау.
Іс-шараға 3 қаладан, 10 ауданнан және 8 мамандандырылған мектептен 8–11 сыныптардың 70 оқушысы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 35 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 5, ІІ орын – 11, ІІІ орын – 19.
«Ілияс – эпик ақын» (қатысушы поэманы толық жатқа білуі керек) бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Екібастұз қ. № 25 қазақ қыздар гимназиясының 9 -сынып оқушысы Оразбай Аружан; ІІ дәрежелі дипломмен – Май а., Май ЖОББМ 9–сынып Дулат Балнұр; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9 -сынып оқушысы Оразалы Нұрия, «Зерде» мамандандырылған мектеп – лицейінің 8 -сынып оқушысы Шарипова Дильназ марапатталды.
«Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» (жас ақындар сайысы) бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Қайрат Алдияр; ІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ. №47 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір, Ақсу қ. Ы.Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сарсенбай Нұрсәт; ІІІ дәрежелі дипломмен – №2 Ертіс ЖОББМ 9–сынып оқушысы Хайрат Әйзере, Май а., Саты негізгі орта білім беру мектебінің 8–сынып оқушысы Думан Акбар, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Медіғат Кәусар марапатталды.
«Ілияс – қарасөз шебері» (көркемсөз оқу) І дәрежелі дипломмен «Зерде» мамандандырылған мектеп – лицейінің 11-сынып оқушысы Сушин Батырхан; ІІ дәрежелі дипломмен – Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9-сынып оқушысы Омарханова Алуа, Май а., Ақжар ЖОББМ 9-сынып оқушысы Досымжанова Айнара, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Табаева Диляра; ІІІ дәрежелі дипломмен – Павлодар қ., №47 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Хамитова Амина, Павлодар қ., №48 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Аманова Дильназ, №4 Ертіс ЖОББМ 9-сынып оқушысы Бақытжан Гаусар, ДБА Абай атындағы гимназияның 9-сынып оқушысы Бастеми Алуа марапатталды.
«Сұлу сөздің сүлейі» (берілген өлеңдердің талдау) бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Сатенова Данель; ІІ дәрежелі дипломмен – Екібастұз қ. № 25 қазақ қыздар гимназиясының 10-сынып оқушысы Оймаут Арайлы, Ертіс а., Иса Байзақов ат.ЖОББМ 9-сынып оқушысы Канатова Жансая; ІІІ дәрежелі дипломмен – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Маден Айнұр, дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Құрманғали Дінмұхамед, , дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 8-сынып оқушысы Кенжехан Жансұлу марапатталды.
«Заманның заңғар тұлғасы» (жазушының 1 шығармасына буктрейлер жасау) бағыты бойынша І дәрежелі Екібастұз қ. №28 Абай ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Жанат Лаура; ІІ дәрежелі – Баянауыл а., Е.Бекмаханов ат. ЖОББМ 11-сынып оқушысы Төлеубай Жанболат, облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Олжабай Айзара, Май а., Жалтыр ЖОББМ 9-сынып оқушысы Темірболат Әділ; ІІІ дәрежелі – Аққулы а., Потанин ЖОББМ 9-сынып оқушысы Жастілек Аиша, Ақтоғай а., М.Қайырбаев ат. ЖОББМ 9-сынып оқушысы Маратова Аяжан, Иса Байзақов ат.ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ахметбекова Саялы, Тереңкөл а., Томарлы ауылының ЖОББМ 9 -сынып оқушысы Маркс Дамеля, ДБА Абай ат. гимназияның 8-сынып оқушысы Алпысбаева Эльдана, Қаныш Сәтбаев ат. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 7-сынып оқушысы Ахмедьянова Алуа, Ақсу қ., Ы.Алтынсарин ат. қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сагинбек Аружан марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары Талдықорған қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1205692?lang=kk

Жауап қалдыру