Инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Есжановтың төрағалығымен инклюзивті саясатты іске асыру шараларына арналған арнайы мәжіліс өтті. Аталған мәселе бұған дейін өткен Үкімет отырысында қаралып, аймақ басшысы тарапынан нақты тапсырмалар берілген болатын.

Қазіргі таңда ауданда мүгедектігі бар азаматтардың саны 2 470 адамды құрайды. Оларды әлеуметтік оңалтумен қатар, инклюзивті біліммен қамту, тұрғын үй жағдайын жақсарту, мәдени-спорттық шараларға қатысуына мүмкіндік жасау және кедергісіз орта қалыптастыру бағыттарына ерекше назар аударылуда.

Жиын барысында аталған және өзге де өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Шерхан Жұмаханұлы бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де күшейту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігіне баса мән берілді.

Сонымен қатар, жиында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының ауданда орындалу барысы да қаралды. Тазалық мәселесіне қатысты кемшіліктер арнайы слайдтар арқылы көрсетіліп, жиын қатысушыларына ұсынылды. Анықталған кемшіліктерді жедел жою жөнінде қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Ш.Есжанов көтерілген мәселелердің тұрақты бақылауда болатынын айтып, барлық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral/press/news/details/1205483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді