
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің психологы Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен стресс және оны жеңу әдістеріне арналған оқу сабағын өткізді. Кездесу барысында қатысушылар стресс түрлері, оның адамның психикалық және физикалық жағдайына әсер ететін факторлары, сондай-ақ эмоцияларды реттеу жолдары туралы жан-жақты мәлімет алды. Қызметкерлер практикалық тапсырмалар мен психологиялық жаттығуларға белсенді қатысты. Олар өздерінің эмоционалдық жағдайларын тануға, олардың себептерін талдауға және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің тиімді тәсілдерін табуға үйренді. Соның нәтижесінде қатысушылар өздерін және әріптестерін жақсырақ түсініп, ұжымда қолайлы атмосфера қалыптастыруды меңгерді. Кездесу соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелік дағдылары күнделікті өмірде және кәсіби қызметте стресстік жағдайларды тиімді еңсеруге көмектесетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1205880?lang=kk

Жауап қалдыру