
Қаламыздағы Абай саябағында өткен мәдени шараны қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен Ұлттық кітап күніне орай, «Руханиятқа жол – кітаптан» апталығы аясында өткізді. Шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қатысып, кітаптың рухани құндылық ретіндегі маңызы кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, шара барысында Шымкент қаласының тарихы туралы «Кітап. Тарих. Шежіре», сирек кітаптарға арналған «Сирек кітаптар сөресі», «Таңдаулы туындылар төрімізде» тақырыбында көрме ұсынылды. Сондай-ақ, Назира Дәулетованың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі де оқырмандарға ұсынылды.
Кеш барысында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалған жазушы Қабдеш Жұмаділов пен «Бір қала – бір кітап» акциясы аясында таңдалған жазушы Насреддин Сералиевтің шығармашылығына ерекше назар аударылып, олардың туындылары кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ, аталған акциялар аясында әдеби мұраларды насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Кештің мәдени бағдарламасы аясында оқушылар мен студенттер өнер көрсетіп, ән шырқап, поэзиялық шығармаларды оқыды. Әсіресе, Исраил Сапарбайдың 85 жылдығына орай оның өлеңдері оқылып, ақын шығармашылығы кеңінен насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1206495?lang=kk

Жауап қалдыру